Павлодарлық құтқарушыға Президент алғыс айтты

Павлодарлық құтқарушыға Президент алғыс айтты
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Ол су көлігіндегі патрульге және судағы жағдайды бақылауға қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомство қызметкерлері қауіпсіздікті күшейту үшін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне жұмылдырылды.

ШЫҰ саммиті кезінде сапалы жұмыс атқарғаны үшін ТЖД қызметкерлеріне алғыс жарияланды, ал сүңгуір бөлімшесінің бас құтқарушысы Владимир Сахаров Мемлекет басшысының атынан алғысқа бөленді. Ол су көлігіндегі патрульге және судағы жағдайды бақылауға қатысты.

Мен мемлекет басшыларының, олардың кортеждерінің келгенін көрдім. Әрине, көптеген сарбаздар мен техникалар болды, бірақ судағы қауіпсіздікті ұмытпау керек және біз сол жұмысты атқардық. Мен барлық жауапкершілікті түсіндім, бірақ мүлдем толқу болған жоқ. Біз өз жұмысымызды жасадық, – деді құтқарушы.

Владимир Сахаров үш күн кезекшілік жасаған.