3 қаңтарда Павлодар облысында тұманды болады

3 қаңтарда Павлодар облысында тұманды болады
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы 2-7 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, сынап бағанасы -7…-12 °C-ты көрсетеді. Облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұманды болады.

Павлодарда ауа температурасы -8…-10 °C-қа дейін төмендейді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.