30 сәуірде Павлодар облысында күн ашық болады
Күндіз ауа температурасы +25°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +8...+12°C шамасында болады. Ауа райы көбіне ашық, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз сынап бағанасы +20...+25°C дейін көтеріледі. Аспан ашық, кей жерлерде аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз болады.
Синоптиктер желдің екпіні секундына 3-8 метр шамасында болатынын, кей уақыттарда 9-14 метрге дейін болуы мүмкін.
Ал Павлодар қаласында түнде +9...+11°C, күндіз +20...+24°C. Ауа райы ашық, жауын-шашынсыз.