30 қараша Павлодар облысында тұманды болады

30 қараша Павлодар облысында тұманды болады
Фото: Константин Шелков

Аздап жаңбыр жауып, қар түсуі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің хабарлауынша, бейсенбіде ауа температурасы +1…+6 °C жылы болады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, ал облыстың кей жерлерінде 15-20 метрге дейін жетеді. 

Павлодарда күндіз +4…+6 °C-қа дейін жылынады.