Павлодар облысында суда ажал құшқан екінші жігіттің денесі табылды
Өңірде суда батып кеткен 32 және 38 жастағы екі ер адамның денелері іздестірілген болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Vita еріктілер ұйымының мәліметінше, олардың екеуі де тыйым салынған орындарда шомылған.
– Екі жігіттің бірі 21 маусымда Железин ауданының Башмачное ауылында Ертіс өзенінде демалды. Екінші жағдай Шідерті ауылының маңындағы Сәтбаев атындағы арнада орын алды. Құтқарушылардың айтуынша, ер адам 22 маусымда шамамен таңғы сағат онда суға батып кеткен, – деп жазылған хабарламада.
Екібастұзда көз жұмған жігіттің денесі табылды. 24 маусымда сағат 05.30-да ТЖД жедел атқару жасағының күшімен 1992 жылы туған ер адамның денесі табылып, судан шығарылды.