8 шілдеде Павлодар облысында жаңбырлы ауа райы сақталады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге, кей жерлерде екпіні 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +15...+20°C болады.
Күндіз ауа температурасы +28...+33°C -ке дейін көтеріледі. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +18...+20°C болады. Аспанды бұлт торлап, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Күндіз сынап бағанасы +30...+31°C дейін көтеріледі. Аспан ала бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жаууы ықтимал. Жел солтүстік бағыттан секундына 4-6 метр шамасында соғады.