Аққулы ауданында Lexus жанды

Аққулы ауданында Lexus жанды

Шақырту орнына жедел түрде өрт сөндіруші жіберілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 наурызда Шарбақты ауылының жанында автокөліктің жанып жатқандығы туралы хабарлама түскен. 

Төрт шаршы метр алаңда Lexus GS300 маркалы автокөліктің жанып жатқандығы анықталды.

Департаментте тұрғындарға автокөліктегі өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау жайлы еске салады және азаматтарға автокөлік құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді.