Аққулылық оқушы туған ауылының тарихы туралы кітап шығарды

Аққулылық оқушы туған ауылының тарихы туралы кітап шығарды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жас автор еңбегінде Малыбай ауылының өткені мен бүгінін қамтыған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, ауыл мектебінің оқушысы Шынайым Құрманова туған өлкесінің тарихына арналған «Малыбай – ел мен жер тарихы» атты кітапты жарыққа шығарды.

Жас зерттеуші еңбекті дайындау барысында ауыл қарияларымен сұхбат жүргізіп, тарихи деректерді жинақтаған. Сонымен қатар елдің дамуына үлес қосқан азаматтар туралы мәліметтерді жүйелеген.

Автордың айтуынша, кітапта Малыбай ауылының өткені мен бүгіні қамтылып, туған жердің тарихын кейінгі ұрпаққа жеткізу көзделген.

Мамандардың пікірінше, мұндай бастама жас ұрпақтың туған өлкеге деген қызығушылығын арттырып, тарихи мұраны зерттеуге және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.