Ақсуда өрт сөндірушілер бір адамды жалыннан құтқарды

Ақсуда өрт сөндірушілер бір адамды жалыннан құтқарды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өрттің себебі анықталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тоғыз қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде өрт шыққан.

– Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтердің кіреберісінде адамды байқап, қауіпсіз жерге шығарды. Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының арқасында өрт одан әрі таралмай, 20 шаршы метр аумақта сөндірілді, – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ.