Ақсуда жылыту маусымы қарсаңында өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтілді

Ақсуда жылыту маусымы қарсаңында өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қаланың №12 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері жеке үйлерді аралап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Рейд барысында мамандар пештерді уақтылы жөндеудің маңыздылығына тоқталды. Қалаудағы және түтін мұржаларындағы жарықтарды құмды-сазды ерітіндімен бітеп, сылап, әктеу қажеттігі айтылды. Сонымен қатар түтін мұржаларын екі айда бір реттен кем емес тазарту ұсынылды. Пештің алдына өлшемі 50х70 сантиметрден кем емес металл табақ орнату және ағаш конструкциялардан қашықтықты 25 сантиметрден артық ұстау қажет екені ескертілді.

Құтқарушылар пешті қараусыз қалдыруға немесе оны балаларға қаратудың қауіпті екенін ерекше атап өтті. Пешті қатты қыздырмау үшін оны күніне екі-үш рет, әр жолы бір жарым сағаттан асырмай жағу ұсынылады. Сондай-ақ шатырдағы мұржа маңын қоқыстан тазалау қажеттігі және тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдалану мүлдем қауіпті екені айтылды.

Мамандардың айтуынша, өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғап қана қоймай, төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.