Ақсулық балуан әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды
Ол Тәжікстан мен Қырғызстан балуандарымен күресті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Татарстан Республикасы Қазан қаласында ұлдар мен қыздар арасында белбеу күресі бойынша әлем біріншілігі өтті. Жарысқа 34 елден 200-ден астам балуан жиналды. Әлем біріншілігінде Ақсу қаласы М. Омаров ауылының балуаны, № 2 БЖСМ тәрбиеленушісі Ансат Кохавай қатысып, жарыстың күміс жүлдегері атанды.
Ансат осындай ауқымды жарыстарда жарқын күрес көрсетіп, Тәжікстан мен Қырғызстан спортшыларын жеңіп, финалда өзбек балуанынан жеңіліп қалды. Спортшының жаттықтырушысы - Қазақстан Республикасының спорт шебері Асхат Окенов.