Павлодарлық жас гимнастшылар жарыстан жүлделі оралды
Республикалық чемпионатта облыс намысын 33 спортшы қорғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Семей қаласында көркем гимнастикадан Абай облысының ашық чемпионаты өтті. Жарысқа Павлодар, Семей, Астана, ШҚО-ның спортшылары қатысты. Павлодар облысын №1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінен 33 спортшы қатысты. Спорт шеберінің кандидаты бағдарламасы бойынша өнер көрсеткен Жәния Асылбекқызы күміс жүлдеге ие болды. Сонымен қатар ол 2012 жылғы гимнастшылар арасында жеңімпаз атанды. І спорттық разряд бойынша өнер көрсеткен Тальяна Жаркова күміс жүлде, Айша Қуандық қола жүлде иеленді.
Топтық жаттығулар арасында №1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің еншісінде бір бірінші, екінші және үшінші орын бар.