Ақсулық «ЕЭК» АҚ үздік қызметкерлерінің есімдері құрмет тақтасына енді

Ақсулық «ЕЭК» АҚ үздік қызметкерлерінің есімдері құрмет тақтасына енді

@Pavlodarnews.kz тілшісі энергетиктердің жаңартылған стендінің салтанатты ашылу тұсаукесер рәсіміне қатысты.

«ЕЭК» АҚ-ның 55 жылдығына және Энергетиктер күні кәсіби мерекесіне орай станцияның отыз қызметкерінің есімдері құрмет тақтасына енгізілді. Олардың қатарында негізгі және қосалқы мамандықтардың өкілдері – басқару пультінің операторлары, электромонтерлер, электр слесарлар, кран машинисі мен электр қондырғысының машинисі, инженерлер, техниктер мен жөндеушілер бар.

«Ардақты қайраткерлер» және «Біздің болашағымыз» деген екі бөлімнен тұратын құрмет тақтасы станцияның бас ғимаратына кіреберісте орналасқан. Тақта жаңаша жабдықталып, жаңартылды. Ортаға LED-экран орнатылып, құрмет жақтауында ілулі тұрған әрбір қызметкер өзін таныстырады.

– Құрмет тақтасын жыл сайын ашып, үнемі өзгертуге тырысамыз. Биыл тақтамызға тіл бітіп, сөйлеп, жаңаша жарқырап кетті, – деді «ЕЭК» АҚ кадрлар және мәдениет жөніндегі директоры Нұрлан Тасимов. – «Біздің болашағымыз» деген бөліміне жастар жайлы ақпарат орналастырылған. Оларды да құрметтеп, арнайы орын бөлдік.

Үздік жұмысшылардың фотосуреттері келесі Энергетиктер күні мерекесіне дейін, яғни бір жыл бойы ілініп тұрады. Осы уақыт ішінде олар ай сайын жалақыға қосымша 15 пайыз үстемеақы алады. Құрметке ие болған жас мамандардың да жалақысы көтеріледі.

Нұрлан Тасимовтың Ақсу электр станциясында басшылық қызметке кіріскеніне небәрі тоғыз ай болған, алайда бірлігі мен татулығы жарасқан ұжымға жылдам сіңісіп, ортақ тіл табысып кеткен.

– Мен сәуір айынан бері осындамын, бірақ өмір бойы осында жұмыс істегендей сезінемін. Өзім  ERG компаниясынла 2004 жылдан бері жұмыс атқарамын. Ал бүгінде Ақтөбе, Рудный, Шымкент, Павлодар және Ақсу сияқты бес ірі электр станциясының энергетикалық бөлімшесінің басшысымын. Бірақ Ақсудың энергетиктері белсенділігімен, мейірімділігімен, біліктілігімен өзіме ерекше жақын, – дейді Нұрлан Тасимов.

Құрметті қызметкерлердің бірі – автоматты басқару жүйесінің электригі Виктор Мартель құрмет тақтасына алғаш рет ілінгенін айтады.

– Мен станцияда алты жылдан бері жұмыс істеймін. Оқуым бойынша – инженер-жылу берушімін. Біз, электриктер, сенсорлармен және өлшеу жүйелерімен айналысамыз. Ауысымда тоғыз адамбыз, барлығы – 176. Еңбегім елеусіз қалмады деп ойлаймын, сол үшін де менің есімімді стендке енгізді. Өзімді мақтай алмаймын. Бірақ қуанышымда шек жоқ! –  деді Виктор Мартель.  – Мен де әріптестерімді Энергетиктер күнімен құттықтағым келеді! Отбасыларына амандық, жұмыстарына сәттілік пен табыс тілеймін!

Жұмысшыларды электр стансасының операциялық директоры әрі бас инженері Данияр Шабанбаев мерекемен құтықтап, ізгі тілегін жолдады.

– Біздің күшіміз – майдангерлеріміз екенін атап өткім келеді! Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз үшін мың алғыс! Станциямыздың өркендеуіне зор үлес қостыңыздар. Біз жарты ғасырдан астам уақытта үлкен жолдан өттік. Бәрі алда! Бізді әлі талай өзгерістер күтіп тұр!  – деді Данияр Шабанбаев.

Құрмет тақтасы – Ақсу электр станциясының даңқты тарихы жайлы жазылып жүрген ұжымның еңбегінің жемісі.  Салалық стендке үздік жұмысшылардың есімдерінің енгізілуі – жұртшылыққа танылуының белгісі ғана емес, сонымен қатар жоғары кәсіби шеберліктің, шексіз борыш сезімі мен таңдаған мамандығына адалдықтың мойындалуы.

Фото: Азамат Омаров

Жарнамалық материал