Ақсулық спортшылар жеңіл атлетикадан ел чемпионатында жақсы нәтиже көрсетті
Олар үш медальға қол жеткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
10-11 ақпанда Астанада ардагерлер арасында жеңіл атлетикадан ҚР-ның чемпионаты және әуесқойлар арасында жеңіл атлетикадан ҚР-ның біріншілігі өтті.
Виталий Прокин 50-54 жас тобында 400 метр және үш километр қашықтықта күміс жүлдегері атанды. Марина Бреннер 35-39 жас тобында 200 метр және 400 метр қашықтықта күміс медалін жеңді.
Мұратбек Олжатай 18-25 жас санатында 1,5 километр және үш километр қашықтықта қола жүлдегер атанды.