Ақсулықтар көмірді қайдан сатып ала алады?

Ақсулықтар көмірді қайдан сатып ала алады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қала әкімдігі көмір сататын орындардың тізімін ұсынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Теміржол вокзалы ауданында орналасқан «Убунту» ЖШС және «PVL Trade» ЖШС (Дөнентаев көшесі, 17) көмір қоймалары жұмыс істейді. 

«Майкөбен Вест» ЖШС-нде 80 тонна қоңыр көмір бар, тоннасы – 16 мың теңгеден. 

Ақсу бойынша көмір тегін жеткізіледі, ауылдық аймаққа – 2000 теңгеден басталады (алты тоннадан астам сатып алғанда жеткізу тегін). 

Қыркүйектің екінші жартысында «Убунту» ЖШС теміржол тұйығына «Майкөбен Вест» ЖШС және «Қаражыра» АҚ-дан 840 тонна қоңыр көмір жеткізіледі деп күтілуде, құны жеткізілгеннен кейін белгіленеді.

«Убунту» ЖШС көмір қоймасының байланыс телефоны: 8-705-731-0401, «PVL Trade» ЖШС байланыст нөмірі: 8-707-200-0265.