Ақсулықтар кран мұнарасы құлаған үйдің сапасына шағымданды

Ақсулықтар кран мұнарасы құлаған үйдің сапасына шағымданды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кейбір тұрғындардың тартылмалы төбелері жыртылып жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Оған тұрғын үйдегі саңылаулар себеп болса керек. 

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов дауылдан зардап шеккен үйлерді жөндеу жұмыстарының барысын тексеру үшін Ақсу қаласына келді. Апат кезінде Дөнентаев көшесінде орналасқан 46-шы үй қатты зардап шекті. Нысанның үстіне салмағы 23 тонна мұнара краны құлаған. 

Аталған көпқабатты үйлердің тұрғындары Асайын Байхановқа үйдің сапасына наразылық білдірді. Айтуларынша, үйдің қабырғалары жарылып жатыр.

– Қабырғаларда жарықтар болмауы керек. Тәуелсіз лицензиясы бар мамандар техникалық зерттеу жүргізеді, оның қорытындысы бойынша тиісті шараларды қабылдаймыз. Өкінішке орай, мен бұл туралы жақында ғана білдім, сондықтан тексеру әлі жүргізілген жоқ. Конкурс өткізу керек болды, бірақ бұл жерде конкурс қажет емес. Төтенше жағдай енгізілгендіктен, дереу келісімшартқа отыру керек еді, – деді облыс әкімі.

Пәтерлерде терезелерді ашқан кезде тартылмалы төбелер жыртылып, линолеум көтеріледі. Тұрғындар мұны плиталардағы сылақтың жоқтығынан деп болжайды.

– Төбелердің жобалық-сметалық құжаттамасын қарау керек. Тәуелсіз комиссия сараптама жүргізеді, соның қорытындысы бойынша үйді апатты ғимаратқа жатқызуға болады ма екенін анықтауға болады, – деп жауап берді Асайын Байханов.

Әр үйдің өзіндік жобалық-сметалық құжаттамасы бар, әр ғимаратқа қойылатын техникалық талаптар әртүрлі. Сондықтан әр үйді бөлек тексеру керек, бұл көп уақытты алады.

– Жасалған жұмыстарды жобалармен қайта салыстыру керек. Мәселен, жоба бойынша кіреберісте плитка болуы тиіс, бірақ шын мәнінде ол жоқ – осындай жайттарды түзету қажет, – деп тапсырды әкім. – Құжаттармен жеке танысуға уәде беремін. 

Асайын Байханов тұрғындардан сабырлық пен шыдамдылық сақтауды сұрайды. Ол барлық жөндеу жұмыстары тез әрі сапалы орындылатынына уәде берді.