Ақтоғай ауданында соңғы үш жылда жасөспірімдер арасында жүктілік тіркелмеген
Бұл - мектептердің, ата-аналардың және медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақтоғай ауданында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында форум ұйымдастырылды.«Бала. Отбасы. Қоғам» атты ата-аналар қауымдастығының іс-шарасы отбасылық құндылықтарды нығайту және балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың рөлін арттыруға бағытталған. Оған арнайы білікті мамандар спикер ретінде қатысты.
Мәселен, аудан әкімінің орынбасары кәмелетке толмағандармен жұмыс бойынша алдын алу шаралары туралы айтты. Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу тәжірибесімен бөлісті. Психологтар отбасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтуға арналған ұсыныстарын ұсынды.
Айта кетейік, мектептердің, ата-аналардың және медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында соңғы үш жылда ауданда кәмелетке толмағандар арасында жүктілік жағдайлары тіркелмеген.
Аталмыш форум пікір алмасу және сұрақтарға жауап беру форматында ұйымдастырылды.