Ақтоғайда жасөспірім суға батып кете жаздады
Ол ата-анасыз жағажайда демалған еді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, 1 тамызда Ақтоғай ауылының тұрғыны 33 жастағы Марат Жүсіпбеков жағажайда демалып жүрген кезде жасөспірімнің суға батып бара жатқанын көреді.
– Ер адам дереу көмекке ұмтылған. Марат Жүсіпбеков өз басын қатерге тігіп, 12 жастағы жасөспірімді жағаға шығарады, – дейді департаментте.
Батып бара жатқан бала достарының ортасында, ата-анасыз болған еді.
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті.