Ақтоғайлық педагог референдумда азаматтық белсенділік танытуға шақырды

Ақтоғайлық педагог референдумда азаматтық белсенділік танытуға шақырды
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Республикалық референдум 15 наурызда өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ақтоғай ауданының балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Елизавета Семеновская алда Қазақстанның болашағын айқындайтын өте маңызды әрі жауапты кезең күтіп тұрғанын атап өтті.

– Референдум – тек қана құқықтық процедура емес, бұл біздің азаматтық ұстанымымызды, Қазақстанның болашағына деген жауапкершілігімізді көрсететін маңызды сәт. Біздің белсенділігімізге байланысты ертеңгі күн біз үшін, балаларымыз үшін, болашақ ұрпақ үшін қандай болатыны анықталады. Сондықтан оқшау қалып қоймай, осы тарихи процеске саналы түрде қатысу маңызды екенін ұмытпасақ игі, – деді педагог.

Елизавета Семеновская барша азаматтарды белсенді азаматтық ұстаным танытып, референдумға қатысуға шақырды.