Ғылыми конференция: Павлодарда ауыл мектептерін дамытудың жолдары талқыланды

Ғылыми конференция: Павлодарда ауыл мектептерін дамытудың жолдары талқыланды

Торайғыров университетінде Баки Мүбәраков атындағы республикалық ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Педагог және білім беруді ұйымдастырушы Баки Мүбәраковты еске алуға арналған "Ауыл мектебін жаңғырту: білім берудің қолжетімділігі мен сапасы" атты ғылыми конференция өтті. 

Университет ректоры Еркін Садықов қалалық және ауылдық мектептер арасында ешқандай айырмашылық болмауы керектігін айтты. 

- Дәл осы индикаторға бірінші кезекте Қазақстанның орта білім беру жүйесінде ұмтылу керек. Павлодар облысындағы осындай қозғалыстың негізін қалаушылардың бірі - ұзақ жылдар бойы Успен ауданындағы Қаратай жалпы білім беретін мектебін басқарған Баки Мүбараков. Педагогикалық таланты мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында ол қарапайым ауыл мектебінен жоғары білімді балаларды түлеткен табысты оқу орнын құрды. Ол мектептің қалалық білім беру ұйымдарынан еш кем түспеуі үшін көп жұмыс жасады, - деді Еркін Садықов. 

Конференцияда Ж.Аймауытов атындағы этнопедагогика және білім берудің инновациялық технологиялары ҒПО директоры Еңілік Жұматаева баяндама жасады. Ол мектептердің имиджін арттыру үшін жағдай қандай болуы керектігі туралы айтты. 

Павлодар облысы білім басқармасының білім беруді дамытудың инновациялық орталығы директорының әдістемелік және кадрлық жұмыс жөніндегі орынбасары Айтжамал Қожахметова қазір қаланың мамандандырылған мектептері мен ауылдық мектептердің өзара іс-қимылына бағытталған "Қала-ауыл" өңірлік жобасы белсенді дамып келе жатқанын айтты. Бұл жоба аясында олимпиадалық қозғалыс қолдауға ие. Алғашқы нәтижелер де бар - ауыл мектептерінің оқушылары арасында жүлделі орындар көбейді. 

Сондай-ақ, конференцияда жоғары оқу орны мен ауыл мектебінің өзара іс-қимылы білім беру тиімділігінің факторы ретінде атап өтілді. Мұнда кадрлық резерв деңгейін арттыру, мұғалімдердің кәсіби даму ерекшеліктері және т.б. талқыланды. Айта кетейік, ЖОО ауылдық мектептермен белсенді қарым-қатынаста — көшпелі қабылдау комиссиясы, ғылыми практика және зерттеу жұмыстары жүргізіледі.