«Анаммен түскен»: Павлодарлық тұрғындардың фотолары көрмеге қойылды
Аталмыш көрмеге 30-дан астам портрет қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыстық көркемсурет музейінде «Анаммен түскен портрет» фотокөрмесінің ашылуы өтті. Көрмеге облыстың танымал тұрғындарының аналарымен түскен 34 фотосы қойылды.
— Баршаңызды келіп жеткен мерекемен құттықтаймын. Біздің халық әйелдер қауымын, әсіресе аналарды ерекше қадір тұтқан халықпыз. Сондықтан әлемдегі барша жақсыны осы әйелдермен, аналарымызбен байланыстырамыз, — дейді мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Саяуыш Сәдуақасов.
Айта кету керек, көрмеге «Жыл ұстазы» аталымына ие болған мұғалімдердің, полиция қызметкерлерінің, ақ халаттылардың, депутаттардың, кәсіпкерлердің аналарымен түскен фотолары қойылды.
Бұл көрмені облыстық көркемсурет музейінде тамашалай аласыздар.