Асайын Байханов: Екібастұз – жастық шағымның қаласы
Облыс әкімі Екібастұз қаласының тұрғындарын Қала күнімен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Асайын Байханов қазақстандық өнеркәсіптің жүрегіне айналған Екібастұз шаһарын көмірі мен электр энергиясынсыз елестету мүмкін емес екенін атап өтті.
– Қаланың басты байлығы – екібастұздықтар. Өткен қыста сіздер болаттай төзім білдіріп, ерекше табандылық көрсете білдіңіздер. Мен де Екібастұзға бөтен емес екенімді мақтан тұтамын: бұл – менің жастық шағымның қаласы. Мен мұнда спорт пен бизнесте алғашқы қадамдарымды жасадым, әлі күнге дейін ата-анам осында тұрады, – деп жазды аймақ басшысы Іnstagram парақшасында.
Облыс әкімі айтулы мереке күні мен барлық екібастұздықтарға денсаулық, өркендеу және амандық тіледі.