Екібастұзда 200-ге жуық көпқабатты үйде ПИК жоқ (ВИДЕО)
Аймақ басшысы кеншілер шаһарындағы Бұқар Жырау көшесі, 276 А тұрғын үйіне барды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ол туралы облыс әкімі өзінің Instagram парақшасында жазды.
- Тұрғындардың мемлекеттік органдар мен қалалық қызметтерге қойған сауалдары аз болған жоқ. Әрине, бірінші кезекте барлығын алдағы жылу беру маусымы қызықтырды. Соңғы бірнеше жылда пәтерлері аз екі қабатты ескі үйге бірде-бір ПИК қызмет көрсетпеген, - деді Асайын Байханов.
Өкінішке қарай, Екібастұздағы 182 тұрғын үйде дәл осындай жағдай тіркелген. Ал, тұрғындар ПИК немесе ҚС құруға асығар емес.
- Биыл менің тапсырмам бойынша осындай үйлерді дайындауға қала құраушы кәсіпорындар тартылды. Олар тұрғындарға үйлерінің жылу қабылдауға дайындық жұмыстарын жүргізуге көмектесті. Бұл үйге «Богатырь Көмір» ЖШС жәрдемдесті. Бүгінгі таңда ол алдағы жылу беру маусымына дайын, мұнда жылу тораптарын жуу, сығымдау және басқа да қажетті жұмыстар жүргізілді, - деп толықтырды Асайын Байханов.
Сондай-ақ, тұрғындар ағаштарды кесу, асфальт төсеу және жарықтандыру құрылғысын орнатуды сұрады. Көтерілген мәселелердің барлығы Екібастұздың көптеген аулаларына қатысты екенін айтқан облыс әкімі қала басшысына ұсыныстарды бақылауға алып, кезең-кезеңімен шаһарды абаттандыруды тапсырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram