Асайын Байханов Май ауданында экологиялық қазандыққа қызығушылық танытты
Май ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Көктөбе орта мектебінде блок-модульді қазандықтың жұмысымен танысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Муравьев Алексей Алексеевич» ЖК басшысы Алексей Муравьевтың айтуынша, блок-модуль 5 қазанда іске қосылған. Бүгінде штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Құны 45,6 млн теңге тұрады.
– Бұл – өте жақсы жоба және бірнеше жылдар бойы жұмыс істеп келеміз. Қуаты – шамамен 1,5 мВт. Минималды қуаты – 250 кВт, яғни 1000 квадраттан 15 мың квадратқа дейін жетеді. Көптеген адамдар қазандық жұмыс істемейді деп ойлайды, алайда бұл көмірдің толық жанып кеткенін көрсетеді. Бұл пеш экология үшін және көмірді үнемдеуге жақсы, – деді Алексей Муравьев.
Әр қазандық үшін жеке құбыр қарастырылған, бәрін бірден немесе жеке-жеке жұмыс істейді. Жылы болған кезде – біреуін, күн салқындап, аяз түскен кезде екіншісі мен үшіншісін іске қосуға болады.
Қазандық Майкөбе көмірімен үрлегіштер мен шаңсорғыштарсыз жұмыс істейді. Технология қосымша жабдықсыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Дегенмен, қоймалар қажет.
Бүкіл Қазақстан бойынша мұндай 300-400, ал облыс бойынша бес қазандық орнатылған.
Аймақ басшысы жобаға қызығушылық танытып, объектінің экологиялық тұрғыдан таза екендігін тексеруді тапсырды.