Асайын Байханов Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады
 
                                    4 маусым елімізде Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Айтулы мерекемен өңір тұрғындарын облыс әкімі Асайын Байханов құттықтады.
– 1992 жылдың 4 маусымында біздің тарихымызды, мәдениетімізді және өркендеуге деген ұмтылысымызды бейнелейтін тәуелсіз Қазақстанның қастерлі рәміздері - Мемлекеттік ту, Елтаңба және Әнұран бекітілді. Бұл құндылықтар еліміздің барша азаматтарын біріктіріп, отансүйгіштік пен зор мақтаныш сезімін ұялатады, – деп жазды аймақ басшысы Іnstagram парақшасында.
Рәміздер біздің өміріміздің маңызды сәттерінде – салтанатты іс-шараларда, спорттық жеңістерде, мемлекеттік рәсімдерде сүйемелдейді. Олар – жаңа жетістіктерге жетелейтін күш пен шабыт көзі.
Облыс әкімі тәуелсіз еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбірей беруін, ал әрбір үйде бейбітшілік пен келісім орнауын тіледі.
 
                         
 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
    
             
    
             
    
             
    
             
    
             
    
             
    
 
         
         
    
 
    
 
    
                                        
                                     
    
 
    
 
    
