Павлодарлықтар қансорғыштарға қарсы жертөлелерді өңдеу бойынша қайда хабарласа алады?
Тұрғын үйлердің жертөлелерін дезинсекциялық өңдеу шаралары жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбековтің айтуынша, мұндай шаралар шыбын-шіркейдің дернәсілдік кезеңінің пайда болуын болдырмау үшін жүзеге асырылады.
– Құрметті павлодарлықтар, жертөлелерді өңдеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша 8(707)5956447 телефон нөміріне, сонымен қатар direct-те маған хабарласуға болады, – деп жазды шаһар басшысы Іnstagram парақшасында.
Сондай-ақ, жертөлелерді тексеру және өңдеу бойынша қызметтер жіберіліп, шаралар қабылданады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram