Асайын Байханов павлодарлықтарды Отбасы күнімен құттықтады

Асайын Байханов павлодарлықтарды Отбасы күнімен құттықтады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қыркүйектің әр жексенбісінде жанұя күні тойланады, деп @Pavlodarnews.kz хабарлайды тілшісі.

Өз құттықтауында өңір басшысы отбасылық құндылықтар арқылы еліміздің іргетасы берік болатынын атап өтті. 

– Отбасы – адам баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін шаңырағы, өсіп-өнетін, қасиетті алтын бесігі мен рухани тәрбиенің қайнар көзі, – деп жазды Асайын Байханов жеке парақшасында.

Аймақ басшысының сөзінше, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан тәрбие мен құндылықтар бала тәрбесінде маңызды.

– Атадан балаға мирас болып келе жатқан жанұялық игі құндылықтар, ұлттық тәрбие мен жақсы дәстүріміздің бүгінгі ұрпақ үшін маңызы зор. Осынау рухани маңызға ие мереке күні баршаңызға құт-береке, мол ырыс, тыныштық пен амандық тілеймін!, – деді өңір басшысы.

Облыс әкімі барлық азаматтарды игі құндылықтарды сақтауды, мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізуге шақырды.