Павлодарда 500-ге жуық үйде ыстық су бар

Павлодарда 500-ге жуық үйде ыстық су бар

Ыстық сумен жабдықтауға қосылу кезең-кезеңмен жүріп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өзінің Instagram парақшасындағы Stories-те жариялады.  

- 17 мамырдағы жағдайға сәйкес Павлодарда 1277 көппәтерлі үйдің 499-ына  ыстық су берілді. Осылайша, қосылу пайызы 39,1-ге жетті, - деді аймақ басшысы.

Айта кетелік, Екібастұзда ыстық сумен жабдықтауға 690 көпқабатты тұрғын үйдің 215-і қосылған.