Асайын Байханов: Сенім ақталмаса, барлық жауаптыларды қызметтен аламыз

Асайын Байханов: Сенім ақталмаса, барлық жауаптыларды қызметтен аламыз
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс әкімі Екібастұз қаласына жұмыс сапары барысында жылумен жабдықтау әлдеқайда маңызды екенін еске салды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Асайын Байханов жылу желілеріне реконструкция жасалған бірнеше учаскеде болып, жұмыстардың жақсы жүргізілгеніне көз жеткізді. 

Барлық сынақтар өткізіліп, магистральдар толтырылды. Маған бәрі қалыпты деп баяндады. Сенім ақталмаса, барлық жауаптыларды қызметтен аламыз, – деп ескертті аймақ басшысы Іnstagram парақшасында.

Жұмыс барысында келесі жылы ауыстырылатын құбырлардың жаңа учаскелері белгіленді. Облыс әкімі жобаларды қарап, мақұлдады. Бір-екі аптадан кейін Екібастұзға тағы келетінін жеткізді.

Сондай-ақ реконструкция жүргізіліп жатқан Екібастұз теміржол вокзалы аймақ басшысына жағымды әсер қалдырды. Мұндағы жұмыстардың едәуір бөлігі орындалды, келесі жылдың көктеміне дейін толығымен аяқтау жоспарланып отыр.