Асайын Байханов соғыс ардагерін мерейтойымен құттықтады

Асайын Байханов соғыс ардагерін мерейтойымен құттықтады
Константин Шелковтың иллюстративті сурет

Биыл Қайыр Хасенов жүзге толды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қайыр Хасенұлы 1925 жылы Павлодар облысының Жасқайрат ауылында дүниеге келген. Батыр ақсақалымыз тұтас ғасырды еңсеріп, зор құрмет пен мақтануға тұрарлық өнегелі өмір жолынан өтті.

Батыл майдангер 17 жасында соғысқа шақырылып, 204-ші гвардиялық дивизия құрамында Украинаны азат етуге қатысты. Забайкалье майданында 5-ші танк корпусында қызмет етті. 1945 жылы Маньчжуриядағы шайқастарға қатысты.

Ардагер II дәрежелі Отан соғысы орденімен, маршал Жуков медалімен, сондай-ақ, «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

Соғыстан кейін подполковник туған ауылына оралып, мектепте мұғалім болып жұмыс істеді. Жоғары экономикалық білім алып, туған өлкесінің игілігі жолында аянбай тер төкті.

Павлодар облысының әкімі мерейтой иесіне мықты денсаулық пен сарқылмас күш-қуат тіледі.