Асайын Байханов әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлерін құттықтады
Әкім әрбір отбасыға зор денсаулық, бақ-береке мен амандық тіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өңірдің медициналық-әлеуметтік мекемелерінде 750-ден астам адам аянбай еңбек етуде.
Сіздердің мамандықтарыңыз – ең қиын, жауапты, мейірімге толы және асыл мамандықтардың бірі. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіре отырып, алдағы уақытта да істеріңізге адалдық танытып, барша жандардың алғысына бөлене берулеріңізге тілектеспін, – деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, Асайын Байханов әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері жүрекке сабыр ұялатып, үмітті қайта жандырып, бар күш-жігерлерін аямай көптеген адамдарға қолдау көрсетіп келе жатқан абзал жандар екенін атап өтті.