Астана-Павлодар-Астана бағытында ұшатын жолаушыларға алдағы айға билеттер сатылымы басталды

Астана-Павлодар-Астана бағытында ұшатын жолаушыларға алдағы айға билеттер сатылымы басталды
Фото ашық дереккөзден

Әуе көлігі екі араға аптасына 5 рет қатынайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Павлодар әуежайы» АҚ-ның мәлімдеуінше, Астана-Павлодар-Астана бағытында жолаушыларға «Scat» авиакомпаниясы қызмет көрсетеді.

- Елорда мен Павлодар бағытында ұшатын жолаушыларға мамыр айына билеттер сатылымы ашылғанын хабарлаймыз. Жиілігі аптасына 5 рет  яғни сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері. Билет құны бір бағытқа 10 000 теңге, - делінген хабарламада.

Ұшу уақыты:
Астана (10:10) – Павлодар (11:00)
Павлодар (11:50) – Астана (12:35)