«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: Тау тұлғаға - тағзым. Жаңа желілер салынады.Ауылды дамыту: мақсат һәм міндет
@Pavlodarnews.kz «Saryarqa samaly» газетінің 13 сәуір, бейсенбілік нөмірінде жарық көретін материалдарға аңдатпа ұсынады.
Ғылым академиясының тұңғыш президенті, есімі ел тарихында алтын әріппен жазылған академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 124 жыл толды. Осыған орай облыс орталығындағы ғалым ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Биылғы жылыту маусымы көп мәселеге көңіл бөлу керектігін аңғартты. «Қыстың қамын жаз ойла» демекші, өткен жағдайлардан сабақ алып, ерте қамдану қажет. Алысқа бармай-ақ, Екібастұзда орын алған коммуналдық апаттың салдары тұрғындар тұрмысын тұралатып жіберді. Енді осы олқылықтар қалай жойылады?
«Бәрін тастап, ауылға көшіп, мал өсірсем бе?» деген ойлар диванда жатқан қала қазағын мазалай бастады. Себебі, соңғы уақытта «Ауыл – ел бесігі», «Дипломмен – ауылға!», «Сыбаға» сияқты салалық бағдарламалар шеңберінде ауылдық жерлерде жаңа нысандар салынып, жағдай жасала бастады. Ал сіз ауылға көшуге қалай қарайсыз?
Алдағы уақытта «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында аймағымызда 2 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік акушерлік пункт, 23 медициналық пункт салу жоспарлануда. Сол арқылы ауылдық ағайынның денсаулық жағдайын жақсартып, ауруларды ете анықтауға мүмкіндік жасалмақ.
Газетімізден сондай-ақ, ел егемендік алғаннан кейін атажұртына ағылған қандастарымыздың мемлекет дамуына қосқан үлесі, мүгедектігі бар жандарды қолдау шаралары және өзге де қоғамда болып жатқан жаңалықтар, қызықты мақалалар жарық көреді. Көз жазып қалмаңыздар!