Астана – Шідерті тасжолында қарсы жолаққа шыққан жүргізуші сотқа жіберілді
Полицейлер қауіпті маневр жасаған жүргізушіні рейд кезінде тоқтатты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысында полицейлер қарсы қозғалыс жолағына шыққан жүргізушіні жауапкершілікке тартты.
– Астана – Шідерті автожолында полицейлер қарсы қозғалыс жолағына шыққан Cherry Tiggo 7 Pro автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты. Қасақана ереже бұзған жүргізушіге қатысты материалдар рәсімделіп, процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, – деді облыстық полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.
Полицияның мәліметінше, қарсы қозғалыс жолағына шығу жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу болып саналады және көбіне ауыр жол-көлік оқиғаларына себеп болады.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, басып озу кезінде қауіпсіздік талаптарын ескеруге және жолда жауапкершілік танытуға шақырды.