Астаналық баскетболшылар павлодарлықтардың есебінен жағдайын жақсартты
«Астанаға» қарсы екінші ойын «Ertis» командасына сәттілік әкелмеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының Ұлттық лига матчының басталуы толығымен елордалық ойыншылардың еншісінде қалды – 23:14. Екінші ширекте павлодарлықтар тартысты өнер көрсетті, үшінші ширек 18:10 есебімен «Ertis» баскетболшыларының пайдасына аяқталды. Алексей Аленушка 23 ұпай жинап, алаң иелері арасында үздік атанды.
Әйтсе де, білікті де тәжірибелі астаналықтар таразы басын өз пайдасына шеше білді. Нәтижесінде 71:62 есебімен астаналықтар жеңіске жетіп, Павлодардағы ұтыстың арқасында жетінші орыннан алтыншы орынға көтерілді. Павлодарлықтар турнирлік кестенің соңында қалды.
«Ertis» келесі кездесуін Ақтөбеде жергілікті аттас командаға қарсы өткізеді. Ойындар 8 және 9 желтоқсанда өтеді. Павлодарда команда 16 және 17 желтоқсанда Ақтаулық «Каспийге» қарсы ойнайды.