Азғындық жасаған: Павлодар облысында 10 жасар қыздың жағдайы белгілі болды
Ол көпбалалы отбасында тәрбиеленуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шакенева өзінің Instagram парақшасына футболдан жеке мектебінің қызметкері 10 жастағы қызға азғындық жасағаны жайлы ақпарат жариялады.
– Мен қыздың анасымен хабарластым. Ең алдымен баланың физикалық және писхоэмоционалды жағдайын білдім. Қандай көмек керек екенін сұрадым, – деп жазды Сәуле Шакенева. – Қазіргі уақытта 10 жасар қыз үйінде, сүйіспеншілікке толы отбасының ортасында. Жақындары оны мүмкіндігінше мұқият қамқорлыққа бөлеп отыр.
Психологтың көмегі сұраныс бойынша жүзеге асырылады. Анасының айтуынша, полиция қызметкерлерінің жедел іс-әрекеттері құрметке лайық.
– 10 жасар қыз қорықпай бәрін анасына айтқанына таң қалдым. Мен үшін бұл – батырлық. Әрбір ересек адамның осындай әрекетке батылы жетпейді, – деді Сәуле Шакенева.
Айта кетейік, облыстық полиция департаменті кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысын облыстық полиция департаментінің басшылығы қадағалап отыр.