Павлодар облысының әкімі оқушыларды 1 қыркүйекпен құттықтады

Павлодар облысының әкімі оқушыларды 1 қыркүйекпен құттықтады
Фото: Валерий Бугаев

Ол ұстаздар мен ата-аналар қауымына да ізгі тілектер жолдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

–  Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Павлодар облысы – еліміздегі білім беру ісінің көшбасшыларының бірі. Бұл жетістікке 23 мыңнан астам өз ісінің шебері, ұлағатты ұстаздардың тынымсыз еңбегі арқылы қол жеткізілуде. Жас ұрпағымыз жыл сайын республикалық және халықаралық сайыстарда топ жарып, өңіріміздің атын асқақтатуда. Биыл олар 329 медаль еншілеп, еліміздің үздік командасы ретінде мойындалды, – деп жазды Асайын Байханов Instagram желісіндегі жеке парақшасында.

Оның айтуынша, балалардың жарқын болашағы үшін мүмкіндіктер аясы кеңейтілуде. Соңғы үш жылда білім беру саласына бөлінген қаражат екі есеге артып, 250 миллиард теңгеден асты. 12 жаңа білім нысаны салынды, 182 мектеп жаңғыртылып, 130 заманауи пән кабинеті ашылды. Биыл үш ауылда жаңа мектеп, сондай-ақ облыс орталығында 1 200 орындық заманауи «Жайлы мектеп» өз есігін айқара ашты.

Жаңа оқу жылында 117 мыңнан астам оқушы алтын ұя мектебіне оралады. Олардың ішінде 10,5 мың бүлдіршін алғаш рет партаға отырып, білімжолына қадам басады. Жаңа оқу жылы әрбір шәкіртке жетістікке, әр ұстазға – шығармашылық табысқа, әр ата-анаға – қуаныш пен мақтанышқа толы болсын! – деп тіледі Асайын Байханов.

Биыл үш ауылда жаңа мектеп, сондай-ақ облыс орталығында 1 200 орындық заманауи «Жайлы мектеп» өз есігін айқара ашты.