Ақсу ауылдық аймағындағы ірі тауарлы сүт фермасы жұмысын бастады
Ферма екі мыңға жуық ірі қара мал басына арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Кронос-Павлодар» ЖШС сүт-тауарлы фермасының басқарушысының айтуынша, жобаның бірінші кезеңі аяқталды. Құрылысты аяқтау жылдың соңына жоспарланған.
– Шаруашылық 1893 бас қара малға шақталған. Қазіргі таңда бізде 570 бас сиыр бар, оның 250-і төлдеді. Екінші партияны шілде айында әкелдік. Олар қазан айында төлдейді деп күтіп отырмыз. Алғашқы партия бойынша 29-30 литр сүт алып отырмыз. Қараша айында тағы 700 бас қара малды әкелу жоспарда тұр. Өнім өзіміздің «Молком» сүт фирмасына жіберіледі, – деп баяндады Алексей Макаров.
Ферма жем-шөппен өз-өзін қамтуда. Екі мың гектар жерге сүрлем, судан құмайы, жоңышқа егілген. Келер жылы тағы 350 гектарға жоңышқа өсіру жоспарлануда. Басқа бөлімшеде пішенге арналған 800 гектар жер бар.
– Ферма толық жұмыс істей бастағанда орташа есеппен күніне 50-55 тонна сүт алу жоспарланып отыр. Голштин тұқымды сиырлар жепге, күтімге өте талғампаз болып келеді. Аулаларда климат-бақылаулар орнатылған. Сонымен қатар, айырылған көң төсеме ретінде қолданылады. Қазіргі таңда үш цех салынды. Келер жылы 728 басқа тағы бір кешен салынады, – деді СТФ басқарушысы.
Фермада Германияның үздік құрылғылары орнатылған. Шаруашылықта қазір 59 адам еңбек етеді. Жоба толығымен іске қосылғанда 160 адамды жұмыспен қамтитын болады. Қазіргі таңда орташа есеппен 250 қара мал басынан 7,5 тонна сүт өндірілуде. Жобаның инвестициялық құны 15 миллиард теңгені құрайды.