Шет елде демалғысы келген павлодарлықтың ақшасы ауаға кетті
Ол бір апталық турға Түркияға ұшу керек болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметініің мәліметінше, 34 жастағы павлодарлық әйел азамат Instagram әлеуметтік желісі арқылы шет елге арзан жолдаманы көріп, турды сатып алғысы келген. Ол керемет жарнама, жоғары маркетинг, көңіл тойдырарлық пікірлерге сеніп, жарты миллион теңгеге жуық ақшасынан айырылып қалды.
– Whats Up желісі арқылы компаниямен хабарласып, алдын ала 480 мың теңгелік турды сатып алған. Кейін әйел азамат қосымша арқылы чат бұғатталғанын көріп, полицияға хабарласқан, – дейді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.
Осы факті бойынша полицейлер қылмысқа қатысы бар адамдардың орналасқан жерін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізетін болады.
Айта кету керек, зардап шеккен әйел екі адамдға Түркияға тур алған еді. Ол 21 шілде күні ұшуы керек болды.
Облыс бойынша дәл осындай 11 жағдай тіркелген. Оның бәрі жалған туристік компанияларға алданған.