Павлодардың төрт көшесінде электр қуаты тұрақтандырылды
Мамандар ақаулы жабдықтарды ауыстырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар электржелілік тарату компаниясы қызметкерлерінің айтуынша, қала тұрғындарының үйлеріндегі электр қуатының жиі өшуі көбінесе қосалқы станцияларда жүргізілетін профилактикалық жұмыстармен байланысты. Бұл жұмыстар жабдықтардың жұмысқа жарамдылығын сақтауға және апатты жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
«ПЭТК» АҚ қызметкерлері Екібастұз – Радищев – Катаев – Теплов көшелерінің тұрғындарын мүмкін болатын электр қуатының өшуінен қорғады.
– № 596 трансформаторлық қосалқы станцияда мамандар тазалау жұмыстарын жүргізіп, ақаулы жабдықтарды ауыстырып, диспетчерлік атаулар мен қауіпсіздік белгілерін жаңартты. Ол үшін қосалқы станциямен қамтамасыз етілетін үйлер бес сағатқа электрмен жабдықтаудан ажыратылды. Бұл жұмыстың қауіпсіздігі үшін қажет, – деп мәлімдеді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз орталығы. – Қосалқы станция Катаев көшесі, 98, 109, 109/1, 111, 111/4, 129/1, 133 үйлері мен Екібастұз – Радищев – Катаев – Теплов көшелерінің шаршы ауданындағы жеке секторды электрмен қамтамасыз етеді.
Компанияның бас инженерінің орынбасары Юрий Волошаниннің айтуынша, жөндеу жұмыстарының көпшілігі электр қуатын өшіру арқылы жүргізіледі.
– Бұл, ең алдымен, жұмысшылардың электр тоғының әсерінен қорғалуымен байланысты, – деп түсіндірді маман.
Айта кетейік, аптаға арналған жоспарлы өшірулердің толық тізімін «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» сайтынан немесе компанияның Instagram парақшасындағы стористерден көруге болады.