Ақсуда мәслихат жер салығын заңсыз ұлғайтқан
760-тан астам кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, заңсыз жер салығының күші жойылды.
– Ақсу қалалық мәслихаты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салықтық мөлшерлемелерін негізсіз 10-нан 50%-ға дейін ұлғайтқан. Салық кодексінің талаптары бойынша жердің осы түріне мөлшерлемені көтеруге жол берілмейді. Осыған байланысты Ақсу қаласының прокуратурасы мәслихат шешіміне наразылық білдірді, – делінген хабарламада.
Нәтижесінде салық міндеттемелері төмендетілген 760-тан астам кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді.
Баянауыл ауданының прокуратурасы аумақтық мәслихаттың 650-ден астам бизнес субъектісінің құқықтарын қозғайтын шешіміне наразылық білдірді.