Павлодарлық фермерлердің мәселесі кәсіпкерлер палатасында көтерілді

Павлодарлық фермерлердің мәселесі кәсіпкерлер палатасында көтерілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мәселе агроөнеркәсіптік кешен салалық кеңесінің отырысында қаралды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, кездесуде мемлекеттің субсидиялар бойынша шаруалар алдындағы қарыздарына қатысты мәселе қарастырылды.

Екі шаруа қожалығы өңірлік ауыл шаруашылығы басқармасына субсидиялауға өтініш берді. 

Бізде екі шаруа қожалығының өтініштері бар. Бірақ шын мәнінде мәселе жүйелі. Бұл бағытта не жасалып жатыр? Осы фермерлердің алдында субсидиялау бойынша қарызды төлеу үшін қаражат қашан болады? – деп сұрады облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов. 

АШБ басшысының орынбасары Төлеген Көшербаев екі өтініш де келіп түскенін және қаралғанын, бірақ ауыл шаруашылығы министрлігінен жеткілікті қаржы қаражатын алмағандықтан, облыстық ауыл шаруашылығы фермерлеріне субсидия төлей алмағанын, енді екі ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші де «күту парағында» тұрғанын атап өтті.