Ақсуда палуандар боз кілемде белдесті
Аталмыш додада 10-нан астам спортшы күш сынасты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорт сарайында қазақ күресінен «Ақсу Барысы – 2024» қалалық іріктеу турнирі өтті. Аталмыш додаға 13 палуан қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша, «Түйе палуан» дәрежесінде үшінші орынға Еламан Хавалған табан тіресе, екінші орынды Сағындық Ғазиз алды. Ал бірінші орынды Багустар Амри жеңіп алды. Осылайша, ол сайыстың 8 дүркін чемпионы атанды.
Айта кету керек, жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық «Павлодар барысына» берілетін жолдамаға ие болды.