Ақсуда түн ішінде ішімдік сатқан дүкен иесі жазаланды
Ол мұндай бұзушылыққа бұған дейін де бірнеше рет барған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға Ақсу қаласында 18 қазан күні сағат 01.30-да Камзин көшесінде орналасқан дүкендердің бірінде болған.
- - Дүкен иесі заңмен тыйым салынған уақытта алкогольдік белсенділігі 4% болатын үш бөтелке сыра сатқан. Қазақстан Республикасының алкоголь өнімін сату жөніндегі заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін дүкен иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары осы сауда нүктесінің иесі ағымдағы жылы алкогольді заңсыз сатқаны үшін үш рет жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Бұл жолы полицейлер заңды қайталап бұзған кәсіпкерге алкоголь өнімін бөлшек саудада сатуға арналған лицензияны тоқтата тұру түрінде қосымша жаза қолдану туралы өтініш жасады. Материал шара қолдану үшін сотқа жолданды
Айта кету керек, ағымдағы жылы осы бұзушылық үшін 126 құқық бұзушы жазаланды.