Ақсулық боксшы қыз Абу-Дабиден күміспен оралды

Ақсулық боксшы қыз Абу-Дабиден күміспен оралды
Фото: pexels.com

Ол 60 келі салмақта бәсекеге түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

София Ващенко 29 тамыздан 9 қыркүйек күндері Абу-Дабиде (БАӘ) жастар мен жасөспірімдер арасында бокстан өткен Азия чемпионатында күміс медаль иеленді.

– Софияны күміс медаль иеленуімен шын жүректен құттықтаймын! Біз сені мақтан етеміз. Саған зор денсаулық, бақыт және спортта жаңа жеңістер тілеймін, – деп құттықтады Ақсу әкімі Нұрлан Дүйсембинов өзінің Instagram парақшасында.

Спортшы Қазақстан Республикасының қыздар мен жасөспірімдер арасында 60 келі салмақта Павлодар облысының намысын қорғаған болатын.