Ақсулық хоккейшілер енді Павлодарға жаттығуға бармайтын болды

Ақсулық хоккейшілер енді Павлодарға жаттығуға бармайтын болды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Биыл қаңтар айынан бастап табиғи мұзы бар жеке мұз сарайы іске қосылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екі қабатты «Arlan Arena» ғимаратының құрылысы 2021 жылы басталып, материалдардың бағасы қымбаттаған соң мердігердің қаражаты жетпей қалған. Жұмыс 2023 жылы қайта басталып,  2024 жылдың желтоқсанында ғана аяқталды. Ал ресми түрде мұз сарайы биылғы жылдың қаңтарында жұмысын бастаған. 

Секцияда 120 бала бар жалғыз «Молния» хоккей командасы Ақсу қаласында тек табиғи мұзда жаттығады. Бұған дейін команда Павлодарға таңғы сағат 6-да жаттығуға баруы керек болса, енді олардың жеке корты бар.

– Сіздер мұзды тоғыз жыл күттіңіздер. Менің ойымша, бұл — тарихи маңызды ғимарат. Қазір командалар көп емес сияқты, бірақ хоккей танымал болады деп сенемін, – деді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.

Ақсу жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің директоры Андрей Гороховтың айтуынша, қазір кортта 150-ге жуық хоккейші жаттығады. Мәнерлеп сырғанау командаларына іріктеу сәуір айында басталды. Осы спортпен айналысқысы келетін 200 үміткер болған, бірақ топтарға тек 35 шәкірт таңдалды. Жаттықтырушылардың басты мақсаты – спорттың екі түрі бойынша 720 оқушыны қабылдау.

– Басшыларға қойылатын басты талап – осы нысандардың барлығын мүмкіндігінше жас спортшыларымен толтыру. Ауылдарда жұмыс керек болған соң спорт кешендерді салдыртады, ал шын мәнінде ғимараттар бос тұр, спортпен шұғылданатындар аз. Оқушылар көп болса, мұз сарайы жұмыс істейді. Бізде чемпиондар болса да, болмаса да, басты міндет – балаларды спортқа баулу, – деді  әкім.

Еске салайық, Павлодар мен Екібастұз қалаларында да ірі мұз сарайлары салынады.