Ақсулық спортшылар боччадан республикалық фестивальде топ жарды

Ақсулық спортшылар боччадан республикалық фестивальде топ жарды
Фото: Павлодар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы

Елордада «Тең мүмкіндіктер» республикалық инклюзивтік фестивалі өтті, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 200-ге жуық бала қатысқан іс-шара инклюзияны қолдауға және жас қатысушылардың әлеуетін ашуға бағытталды. 

Жарыстар үш спорт түрінен ұйымдастырылды: бочча, жеңіл атлетика және «Көңілді старттар». Іріктеу кезеңдеріне елдің 18 өңірінен 1800-ге жуық бала қатысты, олардың үштен бірі – ерекше қажеттіліктері бар балалар. Мұндай формат әртүрлі мүмкіндіктері бар оқушыларды жарыстарға тартуға мүмкіндік берді әрі теңдік пен инклюзия қағидаттарын ерекше атап көрсетті.

Павлодар облысы фестивальге алты команда 18 бала жіберді. Оның ішінде алтауы – ерекше қажеттіліктері бар балалар. Табанды жаттығулар мен жеңіске деген ұмтылыстың нәтижесінде Ертіс өңірінің командалары үш жүлделі орынға ие болды: бочча ойынынан Ақсу қаласының №7 мектебі (6-сынып), Ақсу қаласындағы Гагарин атындағы мектеп (4-сынып) бірінші орынды жеңіп алды. Ад «Көңілді старттардан» Павлодар қаласындағы А.Г. Шамкенов атындағы мектеп (4-сынып) екінші орынды еншіледі. 

– Біз бәріміз қатты толқыдық. Себебі, нәтижелерді күту – жаттықтырушы үшін өте жауапты сәт. Жақында біздің балалар Алматыға барып, бірінші орын алды. Мен олардың мұнда да жеңіске жететініне сенімді болдым. Біздің бочча командасында бір спортшыға –  аутизм, ал біреуіне балалар церербралды сал ауруры диганозы қойылған. Дегенмен, олар керемет нәтижелер көрсетуде. Олар үшін шектеу жоқ. Сондықтан баршаңызды спортпен айналысуға, нәтижелер көрсетіп, Қазақстанның біздің балаларымызбен мақтануына шақырамын, – деп атап өтті Павлодар облысының боччадан бас жаттықтырушысы Ольга Алиаскарова.

Айта кетерлігі, «AMANAT» партиясының бастамасымен ұйымдастырылған «Тең мүмкіндіктер» фестивалі – ерекше қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтенуіне, олардың әлеуетін ашуға және құрдастары арасында толеранттылықты қалыптастыруға ықпал ететін, инклюзивті қоғамды дамытуға жасалған нақты қадам.