Павлодарлық футболшылар жаңа маусымға жеңіспен кірді

Павлодарлық футболшылар жаңа маусымға жеңіспен кірді
Фото: «Ертіс» ФК

«Ертіс» ел Кубогының алдын ала кезеңін бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жеребе павлодарлықтарды маусымның алғашқы матчында Бірінші лигадағы басты бәсекелесі қарағандылық «Шахтер» командасына қарсы шығарды. Қайрат Нұрдәулетов командасы 4-2-3-1 схемасы бойынша алаңға шықты, мұнда Арман Смайылов шабуыл өтінде ойнады. Шабуылдаушы үштікті Максим Ваганов, Әділхан Добай және Тамерлан Ағыманов құрады.

Соңғысы сол санды арқасына салып, «ондық» рөлін ойнады. Оны ол өте нәтижелі орындады. Жас павлодарлық футболшы алаңда команданың қимылдарын шебер үйлестірді және қарсыласты жиі-жиі састырды. Алаң ортасында Вячеслав Раскатов пен Анатолий Красотин тамаша ойнады. Екі жартылай қорғаушы қатесіз дерлік, допты жоғалтпай, әріптестерін үнемі паспен қамтамасыз етіп отырды.

Алматылық стадион мінберлерінде «Ирина Кайратовна» серкесі Алдияр Жапарханов бастаған павлодарлық жанкүйер өңештерін аямастан «Ертісті» қолдап тұрды.

Алғашқы сәтті қарағандылық қорғаныстың қателігінен кейін Әділхан Добай мүлт жіберіп алды. Қарымта шабуылда «Шахтер» гол соқты, бірақ белгісіз себептермен гол есептелмеді. Жалпы алғанда, павлодарлық команда басымырақ көрінді, пенальти орындауға тура келсе де, жеңіске бірден-бір лайық команда болды. Пенальтилер сериясында «Ертіс» командасының жолы болды.

- Әрине, жағдайдың пенальтиге дейін жеткенін қаламадық, - деді ойыннан кейін «Ертістің» бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов. – Екінші таймда ойынды бақылауда ұстадық. Бір жерде зейінді жоғалтып, соңында гол жіберіп алдық. Бірақ «Шахтердің» де өте мықты команда екенін ұмытпауымыз керек. Әрі қарай өткенімізге қуаныштымын. Бірақ бізде чемпиондар сияқты ойнау үшін әлі көп жұмыс істеу керек.

Қорытынды есеп негізгі уақытта 1:1, пенальтиде 4:3 болды. Қазақстан Кубогының келесі кезеңінде «Ертіс» Астананың «SD Family» командасымен кездеседі. Матч 19 наурыз күні сағат 15.00-де Алматыдағы «Хан-Тәңірі» стадионында өтеді.