Ақтоғай ауданында Ауғанстанда ұрыс қимылдарына қатысқандарға көмек көрсетіледі
Құжат «Ашық НҚА» порталында 9 қаңтарда жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2024 жылғы 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарудың 35 жылдығына орай уәкілетті ұйымның тізімі негізінде алушылардан өтініштерді талап етпей, келесі санаттарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:
- оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
- Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
- бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
- Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылары мен қызметшiлерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
- бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
- Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.