Қалқамандықтардың жанашырлығы оңтүстіктен келген кәсіпкерді тәнті етті

Қалқамандықтардың жанашырлығы оңтүстіктен келген кәсіпкерді тәнті етті
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Оның жылқы тиелген жүк көлігі өртеніп кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Түркістан облысы Қарабұлақ ауылының тұрғыны Шухратжан Юнусов көрсетілген көмек үшін Қалқаман ауылдық округінің әкімі Әділбек Қасеновке, ауылдың учаскелік полиция инспекторы Р.Баяновқа, сондай-ақ кәсіпкерлер Б.Түсіпбеков пен Б.Халыққа алғысын білдірді.

Айта кетелік, 17 қаңтар күні Шухратжан Юнусов Ресейден Қырғызстанға 34 жылқы тиеген Volvo жүк көлігімен жолға шыққан. Қалқаман аумағында оның көлігі өртеніп кеткен. Жергілікті тұрғындардың көмегімен жылқылар екінші көлік Шымкенттен келгенше жақын маңдағы Ақжол ауылына айдап жеткізілді.

Зардап шеккен азаматқа көлікте жанып кеткен өз киімдерінің орнына жылы киім әкелініп, тамақ беріп, уақытша баспана ұсынылды.